Алматы облысында жолаушыға толы автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жолаушыға толы автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында жолаушыға толы автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында «Сетра» жолаушылар автобусы мен «Субару» маркалы көлік соқтығысып, 1 адам қаза болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 19 Мамыр 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz


Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат «Алматы-Өскемен» тас жолының 566 шақырымында, Алакөл ауданының Жанама ауылының маңында болған. 

«Алдын-ала болжам бойынша жол апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Ішінде 45 жолаушысы болса да, автобус жүргізушісі «Субаруды» басып озуға тырысқан. Салдарынан көліктер соғылып, «Субару»-дың жүргізушісі қаза болды», — делінген хабарламада.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық өндірістік іс қозғалды. Автобус айып тұрағына кіргізілді.