Атырауда мұнай газ секторымен жұмыс істейтін ресейлік компанияның филиалы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мұнай газ секторымен жұмыс істейтін ресейлік компанияның филиалы ашылды

Атырауда мұнай газ секторымен жұмыс істейтін ресейлік компанияның филиалы ашылды

Атырауда мұнай-газ саласында жұмыс істейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін кешенді инженерлік-консультациялық қызмет көрсететін санкт-петербургтік «ИНТРА ТУЛ» компаниясының филиалы ашылды.

  • 19 Мамыр 2014
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Біздің компанияның бөлімшесін құру материалдық, адами, сондай-ақ капитал ресурстарын еркін жылжыту үшін Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасындағы шекараны ашатын Кеден одағының құрылуының арқасында мүмкін болды. Бұл өте ыңғайлы", — деді «Kaspian TOOL» қазақстандық компаниясының ашылу рәсімінде «ИНТРА ТУЛ» бас директоры Сергей Терентьев.

Жаңа компания өңірдің мұнай-газ секторына жаңа жобаларды жобалау, жабдықтарды жеткізу, супервайзинг, жөндеу жұмыстары, персоналдарды оқыту қызметтерін көрсетеді.

«Егер қазақстандық нарықтардың перспективалылығы туралы айтар болсақ, ол өте ауқымды. Қазақстанда мемлекет кепілдігімен  шетел капиталын тарту үшін барлық жағдайлар жасалады. Сондықтан қазір Қазақстанға күллі әлемге танымал көптеген компаниялар келуде. Біз де солардың қатарынан көрінгіміз келеді», — деп атап өтті С. Тереньев.


 Оның айтуынша, әзірге 50 адам жұмыс істейтін атыраулық компания уақыт өте келе өнеркәсіптің мұнай-газ саласының әралуан секторларында өз өндірісін құратын болады.