Ихтиоз дертіне шылдыққан бала отбасымен Алматыға көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ихтиоз дертіне шылдыққан бала отбасымен Алматыға көшеді

Ихтиоз дертіне шылдыққан бала отбасымен Алматыға көшеді

Ихтиоз дертіне шалдыққан Жасұлан Қорғанбектің отбасы Алатау бөктеріне қоныс аудармақ ниетте. Себебі ылғалды ауа «балық баланың» жарасына жағып отыр. Ал құрғақ климатты Қызылордада керісінше дерті асқына түскен. Сондықтан бұл жолы Жасұланның жақындары түгелімен Алматыға келді. Қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Енді бірер күнде виза жағы реттелсе, Израильге жол шықпақ.   

  • 20 Мамыр 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz

Ихтиоз дертіне шалдыққан кішкентай Жасұланның бұл Алматыға екінші сапары. Бірақ осы жолы жанында жақындары түгел бар. Бала емі үзілмес үшін Қорғанбектер отбасы енді Алатау бөктерінде тұрақтамақ. Оның үстіне, Қызылорданың құрғақ ауасы себеп пе, Жасұланның жарасы барған бетте қайта өршіген. 

Ұлбибі Ықыласова, Жасұланның анасы:

-Алматының ауа райы ылғалды болғаннан кейін жағып тұр. Өйткені оған дейін Алматыда  1 жарым ай болғанымызда еш ірімеген. Соған кәдімгідей қуанып қалғанмын. Кеше 14-і күні бардық, 16-сы кері қайттық. Сол екі күннің ішінде құлағы іріп кетті. Енді жолдасыма жұмыс табылса, осында қалсақ деп отырмыз.

Ал мынау Жасұланның жақындарымен бұдан былай тұратын үйі. Жалға алынған, әрине. Десе де жанашыр жандардың демеуімен оның да мәнісі шешіліп отыр.

Ұлбибі Ықыласова, Жасұланның анасы:

— Қызылорда әкімінің орынбасары өз қалтасынан бір айлық жалақысын осы пәтер ақысын төлеп беріп жатыр. 500 мыңдай теңге. Ал мына жерге айына 70 мың төлейміз.

Әзірге Ұлбибі Израиль елшілігінен хабар күтуде. Сөйтіп, бірер күнде виза жағы реттелсе, 24-ші мамырда жолға шығуға әзірлік үстінде. Оған дейін бала жарасы асқынбас үшін мынадай жақпамайлар қолданып жатыр. Тек оған мазьдің құны тым қымбат. 2 күнге 12 мың шамасында жұмсалады. Дерматологтар да қолдан  келгенше көмек етуде.


Айжан Итемірова, дерматовенеролог-дәрігер:

— Қабығы түскенімен, қазір тересі тартылып, тырысып жатыр. Қолданылып жатқан майлар оны сәл де болсын жеңілдетіп, ылғалдылық береді. Жеңілдікпен дәрі беру жағын қарастырып жатырмыз. Израильге барып, емделіп келгеннен кейін де біздің бақылауымызда болады ғой.

Қазір Жасылұланның  шотына көптің көмегімен 7 миллионан астам қаржы жиналып отыр. Бірақ сырттағы ем ақысының қымбат екенін ескерсек, әлі де талай миллионның қажет екені анық.