Шараптың денсаулыққа пайдасы бар ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шараптың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Шараптың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Ғалымдар шараптың пайдасы жайлы түсініктің талқанын шығарды, деп жазады muslim.kz.

  • 20 Мамыр 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

Батыс елдерінде «қызыл шараптың қанды көбейтіп, өмірді ұзартатыны» жайлы жалған түсініктің қалыптасып қалғаны қашан? Жақында Джон Хопкингс университеті басшылығының ұйымдастыруымен бір топ ғалымдар арнайы зерттеу-сараптама жұмысын жүргізіп, шараптың шаш-етектен пайдасы бар деген түсініктің терістігін ғылыми түрде дәлелдеп берді.

Зерттеуге қатысқан 65 жастан асқан 783 жанның ағзасындағы өзгерістер қызыл шараптың өмір ұзартуға септігін тимейтінін тайға таңба басқандай анық көрсеткен. Сондай-ақ, шарапқұмарлардың жүрек пен ісік ауруларына шалыну қаупі де еш азаймайтын көрінеді.