Астанада ҰБТ тапсыратын күндер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ҰБТ тапсыратын күндер белгілі болды

Астанада ҰБТ тапсыратын күндер белгілі болды

Астанада ҰБТ тапсыратын күндер белгілі болды, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы. Елордалық түлектер үшін ҰБТ 2, 4 және 6 маусым күндері өтетін болды.

  • 20 Мамыр 2014
  • 322
Фото - Caravan.kz

«3,5,7 маусым — апелляция өткізетін күндер. ҰБТ сағат 9.00-де басталады. Оқушыларға сұрақтарға жауап беру үшін 3,5 сағат уақыт бөлінеді. Ал нәтижелері сол тапсырған күні сағат 18.00-ден соң белгілі болады. ҰБТ жүйесі өзгеріссіз қалды, белгіленген межелік өту балы — 50 балл, ал ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70 балл жинау қажет», — деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының білім басқармасынан хабарлағандай, 2013-2014 оқу жылдарында елордада 4042 оқушы мектеп бітірмек.