Пеле Бразилияда футболдан әлем чемпионатының өтпеуі мүмкін екендігін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пеле Бразилияда футболдан әлем чемпионатының өтпеуі мүмкін екендігін ескертті

Пеле Бразилияда футболдан әлем чемпионатының өтпеуі мүмкін екендігін ескертті

Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле Бразилияда болып жатқан қарсылық акциялары футболдан әлем чемпионатын өткізуге кедергі болады деген күдігін білдірді.

  • 20 Мамыр 2014
  • 215
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ ол наразылық білдірушілердің көптеген талаптарымен келісетінін де мәлімдеді. Бірақ Пеленің айтуынша, оларды қазір емес, Бразилия 2014 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болған кезде көтеру керек еді.

Бүкіл ел бойынша шеруге шығушылар әлеуметтік қажеттіліктер мен баспанаға қажетті шығынды ұлғайтуды талап етіп отыр. Олар биліктің чемпионатты өткізуге миллиардтаған доллар жұмсағанына наразы.

Сонымен бірге, бұрынғы футболшы турнирдің басталуына небәрі бір айдан аз ғана уақыт қалғанымен бірнеше стадионның әлі де дайын еместігіне алаңдаушылығын білдірді.