деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Сейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, бөтен көзден тасаланған үйдің ішінде казино клиенттері покер ойнап, ақшалай мөлшерлемелер белгілеген".
"Казинода сол сәтте болған он ойыншыдан жалпы алғанда 500 мың теңге, ойын карталары және фишкалар тәркіленді", делінген онда.
Белгілі болғандай, бұл астыртын ойын бизнесінің ұйымдастырушысы Астананың 49 жастағы тұрғыны болған.
Бұрыннан белгілі, 2007 жылдың 1-сәуірінен бастап Қазақстанда казино мен ойын автоматтары Ақмола облысында Щучье ауданында, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының оң жағалауында ғана орналаса алады. Республиканың басқа аймақтарында ойын орындарынан тек букмекерлік конторалар мен тотализаторларға ғана рұқсат етілген.