Бейжіңде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аралас хоры өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжіңде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аралас хоры өнер көрсетті

Бейжіңде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аралас хоры өнер көрсетті

Бейжіңдегі «Beijing Music Modern Festival-2014» музыка фестивалі аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясының аралас хоры өнер көрсетті.

  • 20 Мамыр 2014
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік атақты «Beijing Music Modern Festival-2014» фестивалі Бейжіңдегі музыка орталық консерваториясының ұйымдастыруымен, ҚХР білім министрлігі мен мәдениет министрлігінің, ұлттық демеушілердің қолдауымен өтуде.  

 2014 ж. дейін Beijing Music Modern Festival аясында 400 жоғары сапалы концерт, 100 дәріс пен шеберлік сыныбы өтті.  

Консерваториялық хор қазақ, орыс,  итальян, түрікмен, молдавиялық, американдық композиторлардың туындылары бар бағдарламаны ұсынды.   Концертке ҚР Халық әртісі,  консерватория ректоры  Жәния Әубәкірова қатысты.

Концерт алдында, ҚазАқпаратқа берген сұхбатында  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова еліміздің дарынды жастары туралы, консерваторияның 10 жыл ішінде бағындырған белестері, оның алдағы жоспары және консерваторияның халықаралық ықпалдастығы жөнінде баяндады.

«Консерватория соңғы 10 жылда бүкіл әлеммен белсенді түрде қарым-қатынас орнатуда.  Студенттеріміз Берлин, Лондон, Венеция, Мәскеу, Санкт-Петербор және өзге де шетелдік қалалардың сахналарында өнер көрсетті.  Ал 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясының студенттік  симфониялық оркестрі  АҚШ-тың 4 қаласында — Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон, Нью-Йоркте концерт қойды», — деді консерватория ректоры.

Ж. Әубәкірова айтқандай, Қытайға сапар барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясының ректоры  Бейжің орталық консерваториясы мен Гуанчжоу консерваториясының Президенттерімен кездеседі.


Еске сала кетейік, Студенттік аралас хор 1944 жылы қазан айында құрылған.   Консерватория хоры консерватория мен қаладағы концерттік бағдарламаларға белсенді қатысады. Қазақстан Республикасындағы қалалар мен шетелдерде өнер көрсетеді.

Перейти к новостям спорта