Тереңөзек кентінде жүгіру алаңы салынады – Қ.Көшербаев - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тереңөзек кентінде жүгіру алаңы салынады – Қ.Көшербаев

Тереңөзек кентінде жүгіру алаңы салынады – Қ.Көшербаев

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болып, спорт нысандарының жұмысымен танысты.

  • 20 Мамыр 2014
  • 614
Фото - Caravan.kz

Мектеп бітіруші түлектермен жүздесіп, сынақты сәтті тапсыруларына тілектестігін жеткізді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сырдариялықтардың 24 пайызы бүгінде тұрақты бұқаралық спортпен шұғылданады. Ауданда волейбол, таэквондо, көгалдағы хоккей, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері жақсы дамыған. Халықаралық, республикалық жарыстарда сырдариялық спортшылар аймақ намысын абыроймен қорғап жүр.

Әрине, спортшылардың жоғары нәтиже көрсетуі үшін техникалық база мықты болуы керек. Осы мақсатта өткен жылы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталған еді. Жалпы құны 119,464 миллион теңге құраған кешенде шағын футбол, күрес, жаттығу залы бар. Құрылыс жұмыстары бүгінде толық аяқталған.

Мұнан соң аймақ басшысы Тереңөзек кентіндегі орталық стадионда спортшылармен кездесіп, жеңіл атлетика спортын дамыту үшін жүгіру алаңын салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінетінін жеткізді.

Оқушылардың 11 жылғы білімдері сыналатын ҰБТ-ға да аз уақыт қалды. Мектеп бітіруші түлектер соңғы дайындықтарын пысықтауда. Облыс әкімі оқушылармен кездесуінде оларға сәттілік тіледі.