”Екінші рет тұрмысқа шығып, 20 жыл бірге тұрып ажырастым” - Жанар Айжанова - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Екінші рет тұрмысқа шығып, 20 жыл бірге тұрып ажырастым” - Жанар Айжанова

”Екінші рет тұрмысқа шығып, 20 жыл бірге тұрып ажырастым” - Жанар Айжанова

Әнші Жанар Айжанова күйеуі өмірден өткеннен кейін екінші рет тұрмысқа шығып 20 жыл бірге тұрып онымен ажырасқанын айтты.

  • 29 Маусым
  • 46
Фото - Видеодан скрин

Бұл туралы ол “Momsкий әңгіме” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Негізі ізін суытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Негізі, ретке келсе жас кезіңде құрған тұрмыс бөлек. Онымен сен үйлесесің бе, үйлеспейсің бе әйтеуір баладан көбі үйлесіп кетіп жатады. Артынан тұрмысқа шықтым, тұрмысқа шыққанмен бермейтін Құдай бермейді екен. Айжұлдыздан кейін сонша дәмеленгенмін. Қыз болса да, ұл болса да әйтеуір жалғыз болмаса екен деп. Бұйырмады. Болмайтын нәрсеге аспанға балта шаппаймыз ғой”, — деді әнші.

Сондай-ақ, ол күйеуімен ажырасу себебін де айтып берді.

”Мен екінші тұрмыста 20 жыл тұрдым. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екіжаққа кеттік. Өзім де соны ойлап жүргенмін, арамызда бала болмады. Ол біреудің баласы. Бала болса да, болмаса да біздер әйелден көреміз ғой. Обалына қалмайын деп бір күнде шешіп екіжаққа кеттік. 20 жыл бірге тұрдық, бала болмады. Менен анау да көреді, мынау да көреді. Ол кісі балалы болса екен деп тілеймін, әлі тілеп жүрмін”, — деді Жанар Айжанова.