Ақтөбелік тұрғын қолда өсірген қырғауылдарын табиғатқа жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік тұрғын қолда өсірген қырғауылдарын табиғатқа жіберді

Ақтөбелік тұрғын қолда өсірген қырғауылдарын табиғатқа жіберді

Ақтөбелік тұрғын қолда өсірген қырғауылдарын табиғатқа жіберді. Қызыл кітапқа енген құс климаты қатал өңірге бейімделіп кетер деп үміттеніп отыр.

  • 21 Мамыр 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz


Тауықтектес мұндай құс Ақтөбені мекен етпейді. Осыдан төрт жыл бұрын Николай Выходец қырғауылды оңтүстіктен алдырып, ауласында баққан. Кейін қорасына сыймаған соң қоя беруді ұйғарыпты. Енді жүзге тарта қырғауыл Алға ауданының сулы жерін мекендейді. Десе де қолға үйренген құстарды орман және аң шарауашылығы инспекциясындағылар бақылаймыз деп отыр. Олар қырғауылдарға сақина салып, фото қондырғы арқылы күн сайын қадағалап отырмақшы. Ал қырғауыл жіберген аймақта үш жыл аң-құс аулауға тыйым салынды.