Атырауда бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді

Атырауда бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді

Атырауда бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді. Маусым басталғалы бері мамандар 50 балықты ұстап, олардан 60 келіден астам уылдырық алған. Енді ұрығы алынған бекіре, шоқырларды қайтадан Каспийге жіберіп жатыр. Ал тұқымдары арнайы орталықта өсірілген соң теңізге жіберілетін болады.

  • 21 Мамыр 2014
  • 338
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Каспийдің таяздығы соншалық, балықтарды жіберу үшін жағадан ашық теңізге қарай 20 шақырымнан астам жол жүруге тура келді.Қайыққа салынған ірілі-ұсақты құнды балықтар осылайша бірнеше сағат бойы табиғи ортаға бейімделеді. Егер бұларды ашық теңізге бірден жіберсе, судың құрамындағы айырмашылықтан әп-сәтте-ақ өліп кетуі мүмкін.

Бүгін Каспий теңізіне жыныс өнімдері басқаша айтқанда уылдырығы алынған мынандай қорытпа, шоқыр секілді балықтардың 50-ден астамы жіберілді. Мамандардың сөзіне қарағанда, мынандай шоқырдың бір данасы жылына 120-140 мың данаға дейін шабақ беретін көрінеді. Және мамандар жыл соңына дейін осындай 3 жарым миллион дана шабақты теңізге жіберуді жоспарлап отыр. Ал, жолың болсын!..

Бұл балықтар бір ай бойы зауыттың арнайы бассейнінде ұсталды. Су температурасы қажетті деңгейге жеткен кезде, уылдырығы алынып, ұрықтандырылады.

Рашидин Халидуллин, бекіре өсіру зауытының директоры

-Тұқым алынып, аталық, аналық балықтарды біз қайтадан Каспий теңізіне жіберіп жатырмыз. Осы бірінші алынып жатқан ұрықтан шамамен бүгінгі таңда 2 миллиондай шабақ шығады деп есептеп отырмыз. Бұйырса, бір 2 жылдан кейін бұл балықтар қайтадан Жайық өзеніне келеді деп күтудеміз.

Бірақ, бұл балықтар Жайыққа қайтпай қалуы да мүмкін. Себебі, олар бақыланбайды. Бір кездері чип салынып, жіберілген балықтың қайда жүргені қадағаланып отыратын. Қазір оған мүмкіндік жоқ екен.


Бостан Сүлейменов, ихтиолог

-Біздер жіберіп, осы теңізге шығуға қазіргідей секілді, бірақ артынан оны үнемі мониторинг жасауға, космос арқылы, спутник арқылы жасау керек. Оған балық шаруашылығында ондай қаражат жоқ, жұмыс басталды да, аяқталмай қалып қойды.

Браконьерлердің қармағына түспес үшін оларды теңізге жібермеуге де болады. Бірақ, балықты зауытта ұзақ уақыт ұстайтын арнайы орын жоқ. Сол себепті тәуекелге бел буып, оларды табиғи ортасына жіберуге тура келеді дейді мамандар. Алдағы уақытта бағалы балықтарды өсірем деушілерге шабақ сатуды да қолға алмақшы. Бірақ, өкінішке қарай, бұған ниет білдірген атыраулықтардың саны әзірге аз болып тұр.