Вице-министр былтыр желтоқсанда тұтқындалған болатын. Экс-шенеунік тендерді ұтып алуға жәрдемдесемін деп, таныс кәсіпкерден 100 мың доллар пара алды деп айыпталуда. Айта кетсек, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі бірінші былық емес. Өміраевтың артынан қаржы полициясы осы ведомствоның Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаевты да парамен ұстаған еді. 28 жастағы «Болашақ» бағдарламасының түлегі де 720 мың теңгеге тендер саудасын қыздырмақ болған. Бақтыбаевқа қатысты қазір сот жүріп жатыр. Ал Мүсілім Өміраевтың ісі енді тергеліп бітті. Соты жақын арада басталмақ.