Атырауда 22 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 22 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Атыраудың полицейлері 22 жыл іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп жазады КТК. 38 жасында адам өлтірген Амангелді Орынғалиев 60 жасында ақыры қолға түсіп отыр. 1992 жылы досымен бірге арақ ішкен Амангелді, сөзге келіп қалып, оны пышақтап өлтірген. Сол уақыттан бері ұстатпай, қашып жүріпті. Қылмыс жасаған соң әйелі мен 4 баласын тастап, әлдекімдердің көмегімен пойызбен Душанбеге жеткен. Кейін Шымкент қаласына келіп, сонда тұрақтап, көлік жөндеу орталығына жұмысқа орналасыпты. Үйленіп те алған. Тіпті бойжеткен қыздарын тұрмысқа беріп, ата атанып та үлгерген. Бірақ, осы 22 жылда Атыраудағы отбасын мүлде іздемеген, қазір көрсем балаларымды да танымаймын дейді. Қазір 60-тан асқан азамат уақытша ұстау абақтысында қамауда жатыр.

  • 21 Мамыр 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz