Биылғы жылдың 15-16 мамырында Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов Бари және Бриндизи қалаларына жұмыс сапарымен барып, онда Италияның ірі аймақтарының бірі — Пулияның қоғамдық-саяси және іскер ортасымен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. 15 мамырда қазақстандық дипломат Бари қаласында қала мэрі Мекеле Эмилиано және префект Антонио Нунциантемен келіссөздер жүргізді. А.Елемесов сұхбаттастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстары және еліміздің халықаралық аренадағы қазіргі жетістіктері туралы хабардар етті. Бари қаласының мэрімен кездесу барысында дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту мәселелеріне және Қазақстанның осы саладағы тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Бари екі діннің — Италияда католик және христиан діндерінің қатар өмір сүруінің жарқын мысалы болып табылатындықтан, Бари қаласының басшылығы мен жұртшылығы үшін бұл тақырыптың маңызы зор. Мұнда жыл сайын христиан тәуіп етушілерінің көпшілігінің назарын өзіне аударатын қасиетті Николай Чудотворцтың шіркеуі бар. Дәл сол күні қазақстандық дипломатия өкілдігінің басшысы Пулияның жетекші экономикалық секторлары болып табылатын жетекші кәсіпорындар басшыларымен кездесу өткізді. Қазақстан мен Италияның инвестициялық-экономикалық ынтымақтастығы мәселелеріне арналған бизнес-форум шеңберінде сөз сөйлеу барысында А.Елемесов аймақтың іскер топтарын ағымдағы жағдаймен және қазақстандық экономиканың даму келешегімен, ұлттық инновациялық әлеуетімен, Қазақстанда шетелдік бизнес пен инвестициялар үшін жасалып жатқан преференциялармен таныстырып өтті. АЭФ барысында Астанада өтетін негізгі тақырыптар мен іс-шараларды қысқаша белгілей отырып, VII Астаналық экономикалық форумының және ІІ Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның өткізілуі туралы хаюардар етті. Форумға қатысушылар "Қазақстан-2050" Стратегиясында және Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында белгіленген Қазақстанның келешекті жоспарларын қызығушылықпен қабылдады. Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Елшілік итальян тілінде шығарған Қазақстан туралы кітаптың тұсауы кесілді, еліміздегі инвестициялық ахуал жөніндегі ақпараттық материалдар таратылды. Елшілік 16 мамырда Бриндизи қаласында Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға итальяндық фирмаларды тарту мақсатында «Қазақстан: экономикалық дамудың жаңа көзі» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шаралардың қорытындысы бойынша Бриндизи кәсіпкерлері қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты жолға қою және бірлескен кәсіпорындар ашу үшін Қазақстан аймағына баруға қызығушылық білдірді.