«Astana Ballet» би ұжымы ресейлік көрермендерін тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana Ballet» би ұжымы ресейлік көрермендерін тәнті етті

«Astana Ballet» би ұжымы ресейлік көрермендерін тәнті етті

«Astana Ballet» би ұжымы ресейлік көрермендерін тәнті етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

  • 21 Мамыр 2014
  • 407
Фото - Caravan.kz

Тотыдай таранып, аққудай сыланған бишілер сахнаға шыққанда санкт-петерборлық көрермен демін ішіне алып, сахнадан көз ала алмай қалды. Өнерге өрнегін салған би ұжымы талғампаз көрерменге «Шығыс үні» атты жаңа бағдарламасын ұсынды.

«Балериналардың келбеті тамсантты. Сахналық костюмдері, әр қимылды орындау шеберліктері еріксіз таңғалдырды. Қазақстанның би өнерінен үйренетініміз көп екен», — дейді  Санкт-Петербордағы ұлттар бірлестігінің президенті Хамзат Цокиев.

Михайлов театрында өткен кешке халық көптеп келді. Ұжым репертуары ұлттық және классикалық бидің синтезі мен басқа да заманауи стильдерден тұрады. Ол түрік, үнді, қытай, жапон халқының биімен керемет үйлесім тапқан.

Бұл кештің бұрынғыдан тағы бір ерекшелігі сол, алғаш рет балет сүйер қауымға дәстүрлі қазақ би өнері жаңа қырынан ашылды. «Құс жолы», «Сон Жібек», «Қазақ вальсі» сынды ерекше хореографиялық композициялар қойылды. Зор ықылас білдірген көрермен бишілерді сахнадан жібергілері келмей, ұзақ қошемет білдірді. 


Перейти к новостям спорта