Мәскеуде темір жол апатында зардап шеккен ересек жолаушылардың бәрі жан сақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде темір жол апатында зардап шеккен ересек жолаушылардың бәрі жан сақтау бөлімінде жатыр

Мәскеуде темір жол апатында зардап шеккен ересек жолаушылардың бәрі жан сақтау бөлімінде жатыр

Наро-Фоминск маңында болған темір жол апаты кезінде зардап шеккен ересектердің бәрі аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

  • 21 Мамыр 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық шұғыл қызметіндегі ақпарат көзі хабарлады.

Оның айтуынша, жарақат алған 13 адамның 11-і Мәскеу ауруханаларының жан сақтау бөлімінде жатыр. Екі бала балалар ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы орташа.

Жарақат алғандардың басым бөлігі Молдова азаматтары. Сонымен қатар, олардың арасында бір ресейлік пен Украинаның екі азаматы бар.

Бұған дейін хабарланғандай, апат сейсенбі күні Мәскеуден 80 шақырым жерде болған. «Мәскеу-Кишинев» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жүк құрамымен соқтығысқан. РТЖ мәліметінше, апат жүк пойызы жолаушылар пойызының жетінші вагонымен жанасуы салдарынан болған көрінеді. Алты адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.