бірақ, пойыздардың кестесі өзгермейді. Бұл туралы «Метополитен» МКК баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұдан былай Алматы қаласындағы метро станцияларының есіктері бұрынғыдан 10 минут бұрын ашылады», — делінген хабарламада.
Компаниядағылардың айтуынша, «Метрополитен» басшыларының мұндай шешім қабылдауына жолаушылардың өтініші түрткі болыпты. «Алматы тұрғындарының бірі басшылыққа жазған хатында таңғы сағат 6:34-те жүріп кететін бірінші пойызға үлгермей қалатынын айтқан болатын. Бұл шешім сол азаматтың өтінішіне орай қабылданып отыр», — делінген хабарламада.
Бұған дейін метро станциялары таңғы сағат 06:30-да ашылатын. Бұдан былай метрополитен таңғы 06:20-дан түнгі 23:30-ға дейін жұмыс істейді.