Өзбекстандағы халықаралық айтыста бас жүлдені Біржан Байтуов жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы халықаралық айтыста бас жүлдені  Біржан Байтуов жеңіп алды

Өзбекстандағы халықаралық айтыста бас жүлдені Біржан Байтуов жеңіп алды

 Мамырдың 19 күні Өзбекстанның Навои қаласында (Әйтеке бидің мазары жатқан аймақ) Әйтеке бидің 370 жылдығына және қазақ-өзбек достығына арналған халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды Kazaitys.kz порталы.

  • 21 Мамыр 2014
  • 781
Фото - Caravan.kz

Айтыс өткен Фархат сарайына қандастарымыз лық толды. Бұған дейін ол аймақта мұндай жоғары дәрежелі айтыс өтпеген екен.

Айтысты қорытындылағанда: Бас жүлдені — Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскер ақыны Біржан Байтуов қанжығаласа, бірінші орынды да оңтүстікқазақстандықтар Карима Оралова мен Қажымұқан Абзалов бөлісті. Екінші орынды — жамбылдық Алик Бекмусаев пен Құлмахан Дүйсенов (Ташкент) иеленсе, үшінші орынды — Жандарбек Қайырбек (Ташкент) пен Жамбол Көпбосынов қанағат тұтты.


Перейти к новостям спорта