Әлемдік тәртіп түбегейлі өзгеріске ұшырауда - Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік тәртіп түбегейлі өзгеріске ұшырауда - Мемлекет басшысы

Әлемдік тәртіп түбегейлі өзгеріске ұшырауда - Мемлекет басшысы

 Бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бірінші пленарлық отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті қазіргі әлемдік тәртіптің ерекшеліктерін атап өтті.

  • 21 Мамыр 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz


«Соңғы кездері біз қазіргі әлемдік тәртіптің түбегейлі өзгеріске ұшырауын бақылап отырмыз. Әлем өзгеріске ұшырап жатыр, қауіпсіздік азайып келеді, мүлде жаңа қауіп-қатерлер туындауда, халықаралық құқық константасы өзгеріп келеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл АӨСШК-ға деген сұранысты арттырады, сондай-ақ оған мүше елдерден ықпалдастықты және форумның мақсат-міндеттерін сапалы жүзеге асыруын талап етеді.  Осы жылдар ішінде Кеңеске мүше мемлекеттер АӨСШК  қызметінің басты бағыттарын дамыту үшін көп шаруа атқарды. «Әскери-саяси салада сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдауға ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп есептеймін. Бұл бағыттағы алғашқы бірлескен қадам — терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолғабыс болуы туралы АӨСШК  Декларациясын қабылдау болды. Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюды құптайды»,  — деп атап өтті Н.Назарбаев.