Н.Назарбаев қауіпсіздік тұрғысынан әлемдік қауымдастықтың назарында болуы тиіс салаларды атады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев қауіпсіздік тұрғысынан әлемдік қауымдастықтың назарында болуы тиіс салаларды атады

Н.Назарбаев қауіпсіздік тұрғысынан әлемдік қауымдастықтың назарында болуы тиіс салаларды атады

Бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) бірінші пленарлық отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті әлемдік қауымдастық қауіпсіздік тұрғысынан ерекше назар аударуы тиіс салаларды санамалап берді.

  • 21 Мамыр 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz


«Қауіпсіздік тұрғысынан баса назар аударуды талап ететін салалар аз емес. Соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі бар. Осы елде президент сайлауының өткізілуін қолдаймыз. Ол елдегі биліктің бейбіт жолмен ауысуы тұрғысында маңызды қадам болып табылады», — деді ол.

Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктері жөнінде айта келе Нұрсұлтан Назарбаев Иранның ядролық бағдарламасы бойынша диалогты жалғастыруға шақырып, КХДР-дың кезекті ядролық сынақ өткізу туралы жоспарларына байланысты алаңдаушылық білдірді. «Бұл Азия Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күрделі салдарға әкеп соқтыруы мүмкін», — деп атап өтті ол.