«(…) Апат ауқымы мен Савы өзенінің тасу қаупі елдегі ахуалды қалпына келтіруге әлі де көп күш қажет болатынын дәлелдеп отыр. Сондықтан Қазақстандағы Сербия елшілігі Сербия азаматтарынан, достарымпыз бен сербиялықтардың қасіретіне бей-жай қарай алмайтын барша жұртшылықтан қолдан келгенше көмектесуді сұрайды», — делінген үндеуде.
Онда гуманитарлық көмек аударылатын есеп-шоттың нөмірі де көрсетілген.
Елшілік мәліметіне қарағанда, бірнеше күннен бері толассыз жауған жауын мен өзеннің арнасынан тасуы салдарынан болған алапат су тасқыны көптеген қалаларды басып, ондаған адамның өмірін қиып кетті. Үй шаруашылығы мен ауыл шаруашылық алқаптары суға кетіп, мал қырылды. Апаттан зардап шеккен елді мекендердің көбісіне әлі күнге дейін көшкін қаупі төніп тұр.