Астана әлемнің "ақылды 50 қаласының" бірі болуға тиіс -әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әлемнің "ақылды 50 қаласының" бірі болуға тиіс -әкім

Астана әлемнің "ақылды 50 қаласының" бірі болуға тиіс -әкім

 2017 жылға қарай Астана әлемнің "ақылды 50 қаласының " тізіміне енуге тиіс, деп мәлімдеді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

  • 21 Мамыр 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz

"Бүгінгі күнде Астананың алдында экономиканың инновациялық және жоғары технологиялық салаларын дамыту жөнінде жаңа міндеттер тұр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Астананы ақылды қала ретінде салу жұмысы басталды, Smart Astana жобасы қаланы дамытудың негізгі бағыттарына "ақылды технологияларды" енгізу арқылы инфрақұрылымды жаңалауға бағытталған. Астана 2017 жылға қарай әлемнің "ақылды 50 қаласы" тізіміне енуге үміткер болып отыр", деді И.Тасмағамбетов сәрсенбіде V халықаралық "Astana Invest 2014" инвестициялық форумында сөйлеген кезінде.

Астана әкімі атап өткендей, елбасының тікелей зейін қойғандығының арқасында қалаға инввестиция тарту шаруасы N1 басымдыққа айналды.

"16 жыл ішінде Астанаға 4 трлн 780 млрд теңге жұмсалды, бұл 30 млрд доллардан аса қаржы, бұл қаражат Астананы дамытудың бас жоспарын орындауға, құрылыстың ойдағыдай қарқынын тоқтатпауға мүмкіндік берді", деді әкім.


Оның деректеріне қарағанда, Астана елордаға айналғалы бері қалада12 млн шаршы метр тұрғын үй салынған, оның шамамен 6 млн соңғы төрт жыл ішінде.

"Форум аясында біз бүгінде жалпы сомасы 500 млн доллар 11 меморандумға қол қойып отырмыз", деді ол.