Қазақстан Президенті Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды

Қазақстан Президенті Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды

 Бүгін Шанхайда АӨСШК бірінші пленарлық отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру жөнінде ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

  • 21 Мамыр 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz

«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру туралы идеясы өте маңызды. Қазақстан Азия құрлығының қақ ортасында орналасқандықтан біз Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру жөнінде ұсыныс енгізгіміз келеді. Азия мен Еуропа елдерін байланыстыра отырып, бұл бағыт әлемдегі ең ірі көлік жүйесі атанады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы, «аграрлық секторға өзге де салалардағыдай қолжетімді көлік жүйесін құрудың маңызы зор және бұл Ұлы жібек жолын қайта жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызады», — деп атап өтті.