"Көлік инфрақұрылымы мен логистика активтерін дамыту және жетілдіру үшін салынатын инвестицияның жалпы көлемі 2020 жылға дейін 45 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл 2020 қарай бізге Қазақстан территориясынан өтетін транзиттік жүк тасымалын екі есеге дейін арттыруға, ал транзиттен түсетін пайданы үш есеге көбейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл мақсаттар орындалып, жаңа логистика жүйесін құра алсақ, 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады", — деді ол.