Иран президенті жаппай қырып жоятын қаруды толық жоюды жақтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран президенті жаппай қырып жоятын қаруды толық жоюды жақтайды

Иран президенті жаппай қырып жоятын қаруды толық жоюды жақтайды

 Иран президенті Хасан Рухани әлемдегі жаппай қырып жоятын қаруды толық жоюға шақырды.

  • 21 Мамыр 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

«Бұл қарудан келетін қауіпті жоюдың жалғыз жолы – оны толық жою», — деп Х.Рухани бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысында мәлімдеді.

«Ислам Республикасы Иран қорғаныс доктринасына, адамгершілік және діни қағидаларға негізделе отырып, ядролық қаруға қарсы шығады, бірақ атом энергиясын бейбіт пайдалануды өзінің және өзге елдердің ажырамас құқығы ретінде қарастырады», дейді иран президенті.

Оның пайымдауынша, «иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздерде «жеңімпаз-жеңімпаз» қағидасына және экстремизм мен қауіптен бас тартуға негізделген тәсіл жағдайында ақырғы келісімге қол жетуі мүмкін.

Х.Рухани АӨСШК елдерімен экономикалық байланысты нығайту және бірлескен инвестицияны арттыру аймақтың ғаламдық экономикаға ықпалдасуын кеңейтудің тиімді жолдарының бірі болып табылады.


Иран президенті экстремистік топтарға қару жеткізуші кейбір елдер тудырып отырған Сириядағы гуманитарлық дағдарысқа назар аударды. Оның айтуынша,

АӨСШК 24 елді біріктіреді.