Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглының қатысуымен шара қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатының барысында мәлім етті.
«4-ші саммиттің басты қорытындысы АӨСШК Шанхай декларациясы болғаны сөзсіз. Бұл құжат Форумды одан әрі дамытуға және қатысушы елдердің тиімді өзара іс-қимылына бағытталған», — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Шанхайдағы АӨСШК саммиті Кеңестің тарихындағы ғана емес, қазақстан-қытай қатынастарының көпғасырлық шежіресіндегі айтулы оқиға болып табылады, деп ерекше атап өтті.