Сәтбаев қаласында дауыл стадионның шатырын ұшырып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтбаев қаласында дауыл стадионның шатырын ұшырып әкетті

Сәтбаев қаласында дауыл стадионның шатырын ұшырып әкетті

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында дүлей дауыл стадионның үрлемелі шатырын жұлып әкетті. Қалың полиэстер материалмен жабылған қаладағы ең үлкен спорт кешені 2006 жылдан бері еш ақаусыз жұмыс істеп келген екен.

  • 22 Мамыр 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz


Желдің екпініне 9 жыл бойы төтеп берген шатыр санаулы секундтардың ішінде қақ айырылып, сусып түсті. Жабындыны көтеріп тұрған темір тіреудің де талқаны шыққан. Абырой болғанда ішінде доп қуып жүргендер қашып үлгерген. Қазір спорт кешеніне иелік ететін «Қазақмыс» компаниясы кезінде стадионның үстіп жапқан словениялық мамандарды күтіп отыр. Кепілдік мерзімі өтіп кетсе де, өз қолдарымен салған шатырдың қаншалықты жөндеуге келетінін солардың өзі айтуы тиіс.