Естеріңізге салсақ, өткен аптада тоққа түсіп қалған сәби есінен танған күйі ауруханаға жеткізілген. Жасырынбақ ойнап жүрген 7 жасар бала трансформатордың астына тығылмақ болғанда қолы сымға жабысып, жамбасына дейін күйіп қалған еді. Ісік жайылып кетпесі үшін дәрігерлер кейін оның қолын шынтағына дейін кесіп тастады. Ал, жүрегі сыздаған ата-анасы темір қаптаманы ашық қалдырған энергетиктерді сотқа бергісі келген. Алайда, оқыс оқиға мектептің сыртында болса да, тәртіп сақшылары ұстазды ғана жауапқа тартқалы жатыр.
Айымгүл Ермұлатова, Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы:
-Сынып жетекшісі балаларды мектеп автобусына отырғызып жіберуіне тиісті болған еді. Бірақ та, оны орындамаған соң, балалар трансформатордың астына түсіп, күйіп қалды.