Олар 1966 жылы туылған 5620 ер адамдар мен әйел адамдардың ДНҚ үлгілеріне сараптама жасаған. Мамандар зерттеу кезінде әр қатысушының теломерлерінің (қорғаныш қызметін атқаратын хромосоманың ұштары) ұзындығын өлшеген. Теломердің ұзындығы ағзаның қартаюына байланысты болып келеді. Ағза қартайған сайын теломер ұзындығы да қысқарып отырады.
Зерттеушілер тәжірибеге қатысқан адамдардың 31 жасында алынған теломерлерінің ұзындығын анықтаған. Нәтижесінде бұндай құбылыс ер адамдар арасында жиі байқалып, ал жұмыссыз отырған әйелдерде сирек кездескен.

