Еуропа Азияның ресурсы болмаса ұзақ әрі тұрақты дами алмайды - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа Азияның ресурсы болмаса ұзақ әрі тұрақты дами алмайды - Назарбаев

Еуропа Азияның ресурсы болмаса ұзақ әрі тұрақты дами алмайды - Назарбаев

Еуропаға Азияның ресурсы керек, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 23 Мамыр 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz

"АӨШСК келер болсақ, Еуропада ондай өз ара ықпалдастық жөніндегі кеңес болған соң маған сондай ой келді. Азия неліктен бұл істен шет қалып отыр? Азиялық қауіпсіздік кеңесі мен еуропалық қауіпсіздік кеңісі ынтымақтасатын болса, бұл үлкен еуразиялық субконтинент үшін игі болмақ. Өйткені Еуропа Азияның ресурсынсыз ұзақ әрі тұрақты дами алмайды", деді президент жұмада VII Астаналық экономикалық форумның пленарлы отырысы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция барысында.

"Азияда Жердің ең бай ресурсы бар, Азияда адами ресурстардың да ең зоры бар, Еуропа Азияны қоспастан дами алмайды, Азия болса еуропалық технологиясыз, еуропалық инновациясыз дами алмайды. Біз бірге жұмыс істеуге мәжбүрміз. Қазір болса бөлініп жатыр, жаңа дағдарыстар пайда болып отыр. Қырғи қабақ соғыс көлеңкесі шығып тұр. Мемлекеттер арасында, адамдар арасында сенім жоқ", деді ол.