Астанада Анджелина Джолиге «қазақша тіл бітті» - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Анджелина Джолиге «қазақша тіл бітті»

Астанада Анджелина Джолиге «қазақша тіл бітті»

Қазақстандық актриса Гүлназ Әуесбаева Анджелина Джолидің бар болмысы мен көңіл-күйін айна-қатесіз жеткізе білуімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сөз алдын-ала көрсетілімі 27 мамыр күні Астана қаласында өткен, басты рөлін әлемге әйгілі актриса сомдаған, қазақ тіліне аударылған «Малефисента» фильмі туралы болып отыр. 

  • 28 Мамыр 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, бұл «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен аударылған сегізінші голливудтық туынды. Ұйымдастырушылар осылайша қазақстандық көрермендерге әлемдегі қызықты кинотуындылардың бірін қазақ тілінде тамашалау мүмкіндігін ұсынды. 

«Дисней» киностудиясының өкілдерінің қадағалауымен жүзеге асатын дубляждау процесі арқылы кино өнерінің шығармалары ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылады, бұл аса тер төгуді талап ететін қажырлы іске шамамен 200-ге жуық кәсіби актерлер тартылады. 

Шынайы сүйіспеншілікті, сенім мен өмір құндылықтарын насихаттауды мақсат еткен «Малефисента» фильмінде атақты Анджелина Джолиді дыбыстаған Гүлназ Әуесбаева: «Рөлді дыбыстау оны ойнап шыққанмен бірдей. Сол себепті маған бұл жолы оңайырақ болды. Себебі, мен Джолиді тек актриса ретінде ғана емес, қоғам қайраткері, ана, қайырымды жан ретінде аса құрметтеймін. Ол өте тартымды тұлға», — дейді. 

Естеріңізге салайық, аталмыш туынды ел кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде 29 мамырдан бастап көрсетіледі.

Перейти к новостям спорта