Алайда, «шешендер» Украина аумағына кіріп, үкіметке қарсы жасақтар қатарын толықтырып жатыр.
Бұл туралы Пи-Би-Эс телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлім етті.
«Ресейліктердің Украина аумағына кіріп жатқанын көрген куәгерлер бар. Олар – Ресейде дайындықтан өткен шешендер. Олар елдегі ахуалды тұрақсыздандыру үшін шекарадан өтіп, соғысқа қатысып жатыр», деді ол.
Осыдан біраз бұрын Шешен республикасы басшысы Рамзан Қадыров батыс пен украин ақпарат құралдарының Донецк облысында шешен жасақтары соғысып жатыр деген ақпарын жоққа шығарған болатын.