Сенат жаңа Қылмыстық кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат жаңа Қылмыстық кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат жаңа Қылмыстық кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенаттың бейсенбідегі жалпы отырысында палата депутаттары жаңа Қылмыстық кодекс жобасын мақұлдады.

  • 30 Мамыр 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz

Кодекс жобасына енгізілген өзгерістер қылмыстың жаңа түрлеріне қарсы күресуге мүмкіндік береді.

Жалпы кодекс жобасында, қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға, әлеуметтік тұрғыдан осал адамдардың басқа да санаттарына қылмыстық саясатты ырықтандырумен және ізгілендірумен қатар, қылмыстың барлық жаңа түрлеріне қарсы күрестің негіздері қаланған, криминалдық қызметтің белсенділігі байқалатын салаларда жазалау қатаңдатылды, ұлттық келісім тұғырына нұқсан келтірудің және әлеуметтік жанжалдарды арандатудың кез келген әрекеті үшін қатаң жазалау көзделген. Ал, бірінші рет қылмыс жасағандарға (бірінші кезекте, жасөспірімдер, әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер) қолданылатын жазаны жеңілдетеді. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін санкция күшейеді. Жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін сотталғандар балалармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылады

Жобада қылмыстық тұрғыдан жазаланатын әрекеттердің екі буынды жүйесі қарастырылған. Олар қылмыс пен қылмыстық теріс қылық деп аталады. Қылмыстық теріс қылық жасағандарға жазаның жұмсақ түрлері қолданылады. Негізінен, олар қоғамдық, түзеу жұмыстарына жұмылдырылмақ.

Қылмыстық кодексте осындай 171 теріс қылық қаралған. Қазіргі заңдар бойынша қылмыс саналатын 104 жеңіл қылмыс та болашақта теріс қылық санатына енуі тиіс.


ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, жаңа жобада компьтерлік киберқылмыстарға, оның ішінде хакерлікке қатысты да тың нормалар қамтылған. Террористік және экстремистік қылмыстар үшін жауапкершілік арттырылды. Ондай қылмыскерлерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеу қойылды. Оның айтуынша, медициналық қылмыстар туралы, оның ішінде жалған дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы арнайы бап енгізілген. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық та қатаяды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға белгілі бір қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салу көзделеді, пара алғаны үшін қолданылатын санкциялар күшейтіледі.