Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды

Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды

ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 30 Мамыр 2014
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Жас ұлан» республикалық мектебінде өткен С.Қ. Нұрмағамбетовтің ескерткішінің ашылу рәсімінде министр аталмыш шараның Қазақстан Қарулы күштері үшін тарихи маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысының бастамасымен және тікелей қолдауымен «Жас ұлан» мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтің аты берілгендігін атап өткен С.Ахметов: «Бұл оқиға ҚР тұңғыш қорғаныс министрінің Қазақстан армиясын құруға сіңірген еңбегін тану болып табылады», — деді.

«Даңқты генералдың өмір жолы — әскери қызметкерлердің талай  буыны үшін ерлік пен Отанға шынайы берілгендіктің үлгісі болады. Ал, оның есімі тәуелсіз Қазақстанның тарихында және ел есінде мәңгілік қалады», — деді С.Ахметов.


Салтанатты іс-шараға сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.