Қарағанды хайуанаттар бағында қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды хайуанаттар бағында қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды хайуанаттар бағында қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Құқық қорғау орындары Қарағанды хайуанаттар бағында аюдың қонжығына қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • 30 Мамыр 2014
  • 480
Фото - Caravan.kz

Жануарларды қорғаумен айналысатын «KARE» қоғамдық қорының іс ҚК-тің 1-бөлімі 276-бабы бойынша қозғалған. Қазір іс бойынша тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Соңғы үш жылда қорға 400-ге жуық шағым түскен. Шағымданушылардың 99 пайызы арызды өз атынан жазуға дайын емес.

Бұған дейін хабарланғандай, наурыз айының орта шенінде Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы қызметкерлері ауру қонжықты ягуарлардың жемтігіне айналдырып, барьер ішіне тастай салған. Ең сорақысы, мұның бәрі келушілердің көз алдында болған көрінеді. Қатыгездікке толы картинаны көрген балалар жылап, айқайлай бастаған. Ал, бақ басшылары мұны салғырттық деп түсіндірген болатын.

Бұл әрекетке ягуарларды өсірген Новосибирськ хайуанаттар бағының қызметкерлері де аң-таң. Олар аталған аңдарға ешқашан аюдың етін бермеген көрінеді.