Оралда дәмхана күзетшілерін жарақаттаған тұрғын құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда дәмхана күзетшілерін жарақаттаған тұрғын құрықталды

Оралда дәмхана күзетшілерін жарақаттаған тұрғын құрықталды

Орал қаласының соты күзет қызметінің қос қызметкерін жарақаттады деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындауға санкция берді.

  • 30 Мамыр 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті дәмханада балағат сөздер айтып кафе қызметкерлерінің мазасын алған. Содан соң дәмхана әкімшілерінің шақыртуымен келген «КМС» ЖШС күзетшілерінің де намысына тиіп баққан көрінеді.

Ескерту жасаған күзетшілермен жұдырықтаса кеткен ол бірінің травматикалық қаруын суырып алып, күзетшілердің екеуін да атып тастаған. Салдарынан олар ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті екі айға қамалды.