Екібастұздық шенеунік 12 жасар балаға қол көтерді деп айыпталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздық шенеунік 12 жасар балаға қол көтерді деп айыпталды

Екібастұздық шенеунік 12 жасар балаға қол көтерді деп айыпталды

Павлодар облысы Екібастұз қаласының полициясы жергілікті шенеунікке қатысты қылмысты істі тексеріп жатыр.

  • 30 Мамыр 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бастығы 12 жасар баланы ұрып-соқты деп айыпталып отыр.

Өтініш түскеннен кейін «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, шенеунік операция жасатқан қызы мен әйелін көру үшін ауруханаға келген. Сол кезде тыныштық бермей шулаған көрші палатадағы балаларды тыныштандырмақ болып шығып кетеді.

Жасөспірімнің айтуынша, еңгезердей еркек баланың құлағынан тартып, оны ұрып-соққан және қолын қайырыпты. Ал шенеунік балаға ұрысқаннан басқа "зияным тиген жоқ" дейтін көрінеді.


Істің анық-қанығын полицейлер анықтамақ.