Siemens шамамен 11,6 мың жұмыс орнын қысқартады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Siemens шамамен 11,6 мың жұмыс орнын қысқартады

Siemens шамамен 11,6 мың жұмыс орнын қысқартады

Еуропадағы ірі өнеркәсіптік конгломерат, германдық Siemens AG концерні жыл сайынғы шығындарды 1 млрд еуроға азайту жоспары шеңберінде 2016 жылдың соңына қарай, кем дегенде,

  • 30 Мамыр 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz

11,6 мың жұмыс орнын қысқартады, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Оның ішінде шамамен 7,6 мың орын Siemens-ті қайта құрылымдау шеңберінде қысқартылмақ, деді компанияның бас атқарушы директоры Джо Кезер инвесторлар және аналитиктермен өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар, әр түрлі елдерде, компанияның әр түрлі аймақтық бөлімшелерінде істейтін тағы 4 мың қызметкерді қысқарту көзделген.

Кейбір қызметкерлерге жаңа жұмыс орындары ұсынылады, деді Дж.Кезер.


Siemens акциялары Франкфуртте жұмада сауда-саттықта 0,3% қымбаттады — 98,11 еуроға дейін. Жылдың басынан бері олардың құны 1,2% азайған, компанияның капиталдандырылуы 86 млрд еуро деп бағалануда.