Алматыда 4 жасар бала ойыншықтан зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 4 жасар бала ойыншықтан зардап шекті

Алматыда 4 жасар бала ойыншықтан зардап шекті

Алматылық дәрігерлер аналарды балаға мұқият қарауға шақырды. Себебі, соңғы кездері сәбилер арасында мұрынына түйме, батарейка сынды ұсақ-түйек заттарды салып, арты қауіпті жағдайға апарып жатқан жайттар көбейіп кеткен. 

  • 31 Мамыр 2014
  • 450
Фото - Caravan.kz

Мәселен, мына 4 жасар Әнуар есімді балақайдың мұрынында ойыншықтың кішкентай батарейкасы бір ай бойы тұрған. Ақ халаттылар оны кейін алып тастағанымен, батарейкадан бөлінген қышқыл, сәбидің танауын тесіп жіберіпті. «Енді оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес, сол үшін баланың тыныс алуы нашарлап, басы ауыратын болады» дейді дәрігерлер. Бұдан бөлек, 5 ай ішінде осы сияқты жағдаймен 2 мыңдай бала ауруханаға түскен. Олар түрлі ұсақ заттарды құлағына, аузына, мұрынына салыпты.


Майя Болшанова, Алматы қалалық № 5 клиникалық ауруханасының дәрігері:

-Асқынса, беті ісіп,  көзінің астыңғы жағы ісіп, мына жақта гайморит, синусист, этмайдит, даже миға кетуі мүмкін. Өйткені, іріңді болып асқынған кезде, бізге дер кезінде келмесе, ол ірің шығатын жер таба алмай, миға шабады.