Алпысты алқымдаған азамат әдеттегідей әкелінген шикізатты өндіру үшін кезекті жұмысына кіріскен. Сол сәтте күл мен балшықты араластыратын құрылғының ішіне абайсызда құлап кеткен. Жұмысшының жанайқайын әріптестері естіп, жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ, денесі бірнеше жерден жаншылғандықтан, көп ұзамай көз жұмған. Мәйітті қондырғының ішінен құтқарушылар алып шықты. Қазір оқыс жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр.