Людмила Ногина неше жылдан бері ауылдағы ауыз су мәселесін қозғап жүр. Дубовка ауылындағы 2008 жылдан бері су жүйесін ретке келтіруге 170 миллион теңге кеткен екен. Ал опырылып түскен мұнараны салуға 35 миллион теңге жұмсалыпты.
Людмила Ногина, Дубовка ауылының тұрғыны:
-2008 жылы салынып бітісімен қолданғанда сол кезде ақ құлайтын еді ол мұнара. Осы жылдың ақпан айынан бері 3 айдың ішінде құрдымға кетті бюджеттің миллиондары. Қисайып тұрғанына қарамастан мемлекеттік комиссия қабылдап алған болатын оны.Оның өзі ескерткіш боп алты жыл тұрды.
Жұрт бұрын суды жекеменшік ұңғыдан сатып алып тұрған. Кейін «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша мәселеге мемлекет араласқан соң «қарық боламыз» дегендер әлі ешқандай өзгерісті көрмепті. Мұнда жарық та жиі сөнеді. Мына бір жылжымалы медицина орталығы электр қуаты болмағандықтан, кешелі бері қаңтарылып тұр.
Жеңдік Сапаров, Дубовка ауылының тұрғыны:
-Денсаулығын тексеріп жатыр, кешеден бері тұр пожалыста. Күндер өтіп жатыр, ел өте алмай жатыр. Осы светтен проблема. Жаңалады өткен жылы күллі сымдарды тартып кешелі бері отырмыз жарықсыз.
Шенеуніктер болса ауылда судың жоқтығына желге шыдамай құлаған мұнара емес, жарықтың жоқтығы себеп дейді. Ал жарықтары тағы сол өткен түндерде желден кейін жалп етіп өшкен.
Руслан Нұрмұхамбетов Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:
-Кеше қатты жел соқты. Соған шыдамады мұнара. Осыған дейін ешқандай ақаусыз жұмыс істеп тұрған. Ал жарықтың сөну себептерін қазір анықтап жатырмыз. Жауған жаңбырдан желілер зақымдалған болуы керек.
-Қарағанды облысында мелекеттік қаражаттың шеті тиген нысандардың жауы жел мен жаңбыр. Сондықтан сыз тартып қақырап немесе боран соғып құлатқанда жаназаны жаңағыдай шығарғанға шыңдалып алған шенділер. Енді аудан басшылығы қираған су мұнарасын салуға тапсырыс берген Ауыл шаруашылығы минстрлігіне хат жолдап, хабарын күтеміз деп қалды.