Шымкентте нөсер жаңбыр тұрғындарды шығынға батырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте нөсер жаңбыр тұрғындарды шығынға батырды

Шымкентте нөсер жаңбыр тұрғындарды шығынға батырды

Нөсер жаңбыр шымкенттіктерді шығынға батырды. Екі сағатқа жуық шелектеп құйған жауын көшелер мен тұрғын үйлерді түгел шайып кеткен. Қала орталығындағы 9 қабатты екі үйдің тұрғындары бүгінгі жаңбырдан соң енді туыстарының үйін жағаламақшы. Себебі, көпқабатты үйдің төбесін мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңалап бермекші болған жергілікті әкімдік шатырды алып тастапты. Ал тапсырысты орындаған компания жаңа шатырды жабуды кешіктіріп жіберген.

  • 31 Мамыр 2014
  • 455
Фото - Caravan.kz

9-шы қабатта тұратын Нұрлан Жұмаділовтің үйінің күйі мынау. Екі сағаттық жаңбыр төбеден сыздықтап өтіп, пәтерді су басқан. Төбесі мен едені шытынап, қабырғалары қақырап тұр. Енді кішкентай баласы мен әйелін алып, басқа пәтер іздеуге мәжбүр.

Нұрлан Жұмаділов,  Шымкент қаласының тұрғыны;

-Қай жерге барамыз?. Тұратын ауамыздың бәрі құртылды. Не істейміз?Кімге жалынамыз? Кімге айтамыз?

72 пәтерден тұратын  көпқабатты қос үйдің тұрғындарының бәрінде осы жағдай. Балалар үрпиісіп, ересектері төбеден құйылған суды жинап әбден әуреге түсті. Бұндай былыққа мемлекеттік бағдарламаны орындаушылар себеп болып отыр.

-Шымкенттік шенділер артық қыламыз деп тыртық қылды. Тұрғынүйді модернизациялау бағдарламасы бойынша бұл үйдің шатырын жаңалап бермекші болған екен. Тек, шатырды алып тастап, оның орнына жаңасын қоюды ұмытып кеткен. Нәтижесінде нөсер жаңбыр пәтерлерді шайып жатыр.

Шатырды алып тастаған компания осы күнге дейін түрлі сылтау айтып, үйдің үстін 1 айдан астам уақытқа ашық қалдырған. Енді жаңбырдан зардап шеккен бүкіл үйді қайта жаңалауы тиіс.


Ерлан Дәрібаев, мердігер компания өкілі:

-Материал әкеліп, енді міне жабамыз деп жатқанбыз ғой. Ертең бүгін материал келу керек. Енді үйдің ішін жөндейміз. Барлығын жөндеп береміз.  

Әкімдіктің тапсырмасымен бұл екі үйдің шатырын жаңалауға екі түрлі компания уәде берген. Бірақ материалдық шығынның нақты мөлшері қанша екенін де білмейді. Тұрғындар бүгіннен бастап бұл компанияларға қарсы арыз дайындап жатыр. Ал, шатырды жаңалайтын жұмысшылар үйдің төбесіне енді келе бастады.