Екібастұзда шенеунік мазасын алған балаларды ұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда шенеунік мазасын алған  балаларды ұрған

Екібастұзда шенеунік мазасын алған балаларды ұрған

Павлодар облысында лауазымды шенеунік балаға қол көтерді деген күдікпен тергелуде. Шағымданған ата-ананың айтуынша, ауруханадағы қызының жағдайын білуге келген Екібастұз қалалық тұрғынүй-шаруашылық басқармасының басшысы ондағы у-шуды көтере алмай, көрші палатадағы балаларды ұрған. Оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабымен іс те қозғалыпты. Енді таяқ жеген баланың ата-анасы шенеуніктің шектен шыққан әрекетін аяқсыз қалдырмаймыз деп отыр.

  • 31 Мамыр 2014
  • 493
Фото - Caravan.kz

Емдеу мекемесінде еркінсіген шенеуніктің ерсі әрекеттері бүтіндей бір отбасының шамына тиді. Екібастұздың бас коммуналшысы 9 жасар қызының палатасында отырғанда, көрші бөлмедегі шуды жақтырмай, оларды таяқпен тәртіпке шақыруға тырысыпты.   

-Әжетханаға шыға бергенімде бір кісі палатаға қайтадан сүйреп кіргізді. Құлағымнан тартып, жұлқылап, қолымды бұрап тастады. «Неге ұрасыз?» десем, «Шуладың» дейді.

Ұлының жыларман дауысын естіп, жанұшыра жүгірген ананың да аптығы әлі басылар емес. Балаға сес көрсеткені былай тұрсын, тентек шенеунік өзімізді де қорқытпақ болды дейді Әсел Гафорова.

Әсел Гафорова, зардап шеккен баланың анасы:

-Ол машинадан шыққан соң, маған келді айтады: «Мен начальник  ЖКХ-мын» деп. Мен айттым: «Сіз менің баламнан кешірім сұраңыз. Неге сіз олай істедіңіз?» Ол айтты: «Мен сізді, сіздің балаңызды, сіздің күйеуіңізді түрмеге отырғызамын» деп.

Алайда дәлізде шұбырған сәбилер болмаса, көрген-білген өзге ешкім жоқ. Мейірбикелер палата ішіндегі жағдайға тіпті мән бермеген екен.

-Келеңсіз жағдай дәл осы ауруханада орын алды. Мұнда 12 жасар Сәлемжон достарымен доп қуып жүріп, абайсызда жарақат алып түскен. Оның ата-анасы ақ халаттылар дер кезінде араласса сұмдық жағдай орын алмас еді дейді.

Ал даудың ортасында қалған Құсниден Қасенов шашасына шаң жұқтырар емес. Айтуынша, ол жеткіншектерге ескерту жасаудан арыға бармапты. Тіпті «Баланың әкесі өзіме қоқаң-лоққы көрсетті» дейді.


Құсниден Қасенов, Екібастұз қалалық тұрғынүй-шаруашылық басқармасының басшысы:

-Палатада, қызымның қасында отырдық. Сосын, балалар сығалап әйнектен, жаман сөз боқтады. Сосын соларға, балаларға барып, айттым, «Боқтамаңдар, тағы да боқтасаңдар құлағыңды сосын жұлам, тағы да келем сосын, құлақтарыңды жұламын!» деп айттым.» «Әкесі орысша айтты, айтқанда осылай – «Сейчас ребята приедут, с тобой разберутся» деді. Вот, солай айтылды. Аудармай-ақ қояйын.

Қалай дегенмен, кімнің айбат шегіп, қайсысының ғайбат сөйлегенін тәртіп сақшылары анықтамақ. Қазір шенеунікке қарсы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сәлемжонның ата-анасы шенеунік жазасын алмайынша, райымыздан қайтпаймыз деп отыр.