Ерейментау ауданында тұрғындар бруцеллезге шалдығып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерейментау ауданында тұрғындар бруцеллезге шалдығып жатыр

Ерейментау ауданында тұрғындар бруцеллезге шалдығып жатыр

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып барады.  Ерейментау ауданында енді адамдар жаппай бруцеллезге шалдығуда. Малдан  қатерлі індетті жұқтырған тағы 5 адам ауруханаға түсті. Айтмағанбет Жолшоринов, Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі Эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары:

  • 31 Мамыр 2014
  • 510
Фото - Caravan.kz


-Оның екеуі бруцеллез деген диагнозбен ем алып, ауруханадан  шықты. Қалған үшеуінің диагнозын әлі қоған жоқ. Өйткені қосымша зертханалық тексеру жүріп жатыр. Олардың үйлерінде жеке меншіктегі ірі, ұсақ малдары болған. Сол малдардан жұғуы мүмкін.

Қазір ем қабылдап жатқан науқастар Тайбай мен Тұрғай ауылының тұрғындары. Араларында 15 жастағы жасөспірім де бар. Ауру жұқтырғандар саны әлі де арта түсуі мүмкін. Ал бруцеллез әсіресе мал төлдейтін мезгілде немесе көктемде өрши түседі екен. Сондықтан, мамандар төрт түлікті  жайғастырғанда аса сақ болуға және ет пен сүтті жақсылап қайнатып барып тұтыну керек деп ескертеді. Өткен аптада ғана ветеринарлар бруцеллезге шалдыққан 3 мыңға жуық ірі қара мен ұсақ малды өртеп жіберген болатын. Дәрігерлер үйді-үйді аралап, жануарларға екпе жасағанымен нәтиже болмай жатыр. Қазір прокуратура да «кеселдің алдын алмады» деген күдікпен жергілікті әкімдікті тексеруде.