Жүйе құрылысына мемлекет бюджетінен 700 млн. долларға жуық қаржы жұмсалған. Ол жанкүйерлерді әуежайдан метро станциясына дейін жылдам жеткізуді мақсат етеді. Оның ең алғашқы жолаушысы Бразилия президенті Дилма Роуссефф болды.
Рио-де-Жанейродағы жүйе қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтары бар ұзындығы 39 шақырым жолды қамтиды. Осы маршрут бойынша күніне шамамен 320 мың жолаушы тасымалданбақ. Алайда, автобус аялдамаларындағы құрылыс жұмыстары әзірге аяқталар емес. Ал футболдан Әлем чемпионатының басталуына санаулы күндері ғана қалды, ол аталмыш елде 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.