2 маусымда қазақстандық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруға кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 маусымда қазақстандық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруға кіріседі

2 маусымда қазақстандық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруға кіріседі

Қазақстанда бүгін жалпыға білім беретін мектеп түлектеріне ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

  • 2 Маусым 2014
  • 859
Фото - Caravan.kz

Тест тапсыруға арналған 155 пункт ашылған. Тестке барлығы 92077 түлек қатысады (70 пайызға жуық мектеп түлегі). ҰБТ-ның бірінші күні 61 пункте өткізіледі. Оған 27670 түлек қатысады.

ҰБТ Қазақстанда 2004 жылы енгізілді.

ҰБТ бес пән бойынша: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пән бойынша (география, физика, биология, химия, дүниежүзілік тарих, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі және т.б.) өтеді.

Тест тапсырмаларының жалпы саны — 125 (әр пәннен 25 сұрақ), тапсырмалардың өзі мемлекеттік құпия болып саналады.


Тест тапсыру ұзақтығы — 210 минут.

Тәртіп сақтау, ҰБТ тапсырмалары мен сұрақтарының құпиялығы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген. ҰБТ кезінде кез келген байланыс құралдарын, калькулятор пайдалануға тыйым салынады.