Талғат Мамашев Қытайдағы Ұлттар баспасының қазақ редакциясының басшыларымен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Мамашев Қытайдағы Ұлттар баспасының қазақ редакциясының басшыларымен жүздесті

Талғат Мамашев Қытайдағы Ұлттар баспасының қазақ редакциясының басшыларымен жүздесті

Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Қытайдағы Ұлттар баспасының қазақ редакциясының бастығы Бақытбек Тоқтасынұлы мен оның көмекшісі Бауыржан Құмарұлын қабылдады.

  • 3 Маусым 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz


Онда қауымдастықтың «Атажұрт» баспа орталығымен ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланды.

Т.Мамашаевтың айтуынша, «Атажұрт» баспа орталығының негізгі мақсаты — шетелдегі қазақ қаламгерлерін қазақстандықтарға және шетелдегі диаспора өкілдеріне таныстыру. Мұнда жыл сайын шетел қазақтарының 8-10 кітабы жарық көреді. Олар Қазақстанның түрлі деңгейдегі кітапханаларына және шетелдердегі мәдени орталықтарға таратылады. Өзектісі, Қытайда қазақ мәдени орталығы болмағандықтан, оларды жеткізуде туындап отырған мәселелер туралы да сөз болды.

Кездесу соңында қонақтарға қауымдастықтың баспа орталығынан өткен жылы жарық көрген кітаптар мен «Туған тіл» альманағы, сондай-ақ «Алтын бесік» журналының соңғы сандары тарту етілді, деп хабарлайды qazaq-alemi.kz.

Перейти к новостям спорта