Астанада «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді

Астанада «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді

сайрайында батыр Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» атты халықаралық ақындар айтыс өтеді.

  • 6 Маусым 2014
  • 804
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоры Айтыс ақындары мен жыршы, термешілерінің халықаралық одағымен бірлесіп өткізіп жатқан шараға қазақстандық жыр дүлдүлдерінен өзге, Қытай, Монғолия елдерінің айтыскерлері қатысады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Қытайдан Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделханқызы, Монғолиядан Сәтжан Тілашқан секілді қандастарымыз өз өнерлерін ортаға салса, Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Қарлығаш Әубәкірова, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Бауыржан Қалиолла, Иран-Ғайып Күзембаев, Ержеңіс Әбді, Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Мейірбек Сұлтанқан сынды ақындар қазақ елінің атынан сөз сайыстырады.

Ұлттық өнерімізді ұлықтайтын ағайынды 17 маусым күні сағат 17.00-де Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына шақырамыз, деп хабарлайды kazaitys.kz.


Перейти к новостям спорта