деп хабарлайды Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы.
«Ән жүрегім — Астана!» жас орындаушылар арасындағы ән байқауы ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл тек бастамасы ғана. Байқауға өтінімдер 20 маусымға дейін қабылданады. Осымен төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан байқау қоржынына Қазақстан Астанасы туралы 100-ден аса жаңа әндер жинақталған.
«Ән журегiм — Астана!» байқауы жас астана туралы авторлардың үздік әндерін қолдау мен дәріптеуге бағытталған. Расымен де, көркі көз сүйсіндірген ару қала талай ақын-сазгерлердің шығармаларына арқау болғаны сөзсіз. Астана жайлы жазылған жаңа әндердің өзегінде отбасына, жаңа мүмкіндіктер ашқан сүйікті қала мен Отанға деген сүйіспеншілік жатыр.
Ұйымдастырушылардың да көздегені осы, жастар жүрегіне азаматтық-патриоттық сезім ұялату. Сонымен бірге, бұл байқау — талантты жастардың өз өнерін кеңінен паш етуге жасалған тамаша мүмкіндік.
Байқаудың биылғы тақырыбы Қала күнінің ұранымен үндес. Яғни ақын-сазгерлер «Менің қалам — менің тағдырым. Туған күніңмен, Астана!» тақырыбына ән арнамақ.
Аталмыш байқаудың арнасы кең. Ағымдағы жылы шараға Қазақстанның 7 аймағынан өтінімдер жолданған. Жеңімпаздарды құрамы Қазақстанға танымал әртістерінен тұратын қазылар алқасы анықтайды. Қатысушыларға қойылатын басты талап — жасы 30-дан аспауы және ән бағыты «Ән жүрегім — Астана!» байқауының негізгі тақырыбынан ауытқымауы тиіс.
«Ән жүрегім — Астана!» ән байқауының Гран-при иегері ұйымдастырушылармен бірлесе республикалық телеарналар эфирінен таратылатын Астана туралы әнге бейнебаян түсіруге мүмкіндік алады. Ал басқа қатысушылар гала-концертте естелік дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.